Олимпиада – 2018: Пхёнчанда Қазақстан туы көтерілді

0
189
Sports.kz

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхёнчан олимпиада қалашығында Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Тимур Күлебаев, спортшылар мен Корея түбегіне келген қазақстандық спорт делегациясының қатысуымен Қазақстан туы көтерілді.

sports.kz

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алды. Оның 10 – биатлон, 3 – мәнерлеп сырғану, 12 – шорт-трек, 12 – конькимен сырғанау, 7 – шаңғы жарысы, 4 – фристайл-могул, 5 – фристайл акробатика, 2 – тау шаңғысы, 1 – трамплиннен секіру, 1 – шаңғы спорты.

sports.kz

Еске салсақ, ХХІІІ Қысқы Олимпиада Ойындары 9-25 ақпан Оңтүстік Кореяның Пхёнчан қаласында өтеді. Олимпиада5f 95 елден 2900 спортшы мен ресми өкіл қатысады деп күтілуде.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз