“Реал” мен “Барселона” тең түсті

0
155

7 ақпан Эль-классиконың кезекті ойыны тең аяқталды.

“Барселона” мен “Реал” Испания кубогының жартылай финалында жолықты. Каталониядағы алғашқы кездесуде 1:1 есебі тіркелді.

Мадрид командасы 6-минутта есеп ашты. Лукас Васкес Кәрім Бенземаның пасынан кейін Тер-Штегенді қапы қалдырды.

“Барселона” екінші таймда қарымта гол соқты. 57-минутта Малком мергендік танытты.

Испания кубогі жолындағы қарымта кездесу “Сантьяго Бернабеу” стадионында 27 ақпанда өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз