Ресей-Қазақстан матчының билеттері сатылымға шықты

0
142
Сурет: sputnik.kz

Еуропа чемпионаты-2020 іріктеу турнирі аясында Ресей мен Қазақстан құрамаларының матчына билеттер сатылып жатыр. Бұл туралы РФ футбол одағының ресми сайтында жазылды.

Ресей мен Қазақстан арасындағы ойын 9 қыркүйекте Мәскеу уақытымен 21:45-те, ал Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен қыркүйектің 9-нан 10-на қараған түні сағат 00:45-те Калининград қаласының “Калининград” стадионында өтеді.

Билеттер ресми оператор сайтында сатылады. Мәлім етілгендей, бір адамға 4 билеттен ғана беріледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз