Ресейлік “ЦСКА” мадриттік “Реалды” ойсырата жеңді (видео)

0
100

12 желтоқсан күні “Сантьяго Бернабеу” стадионында өткен чемпиондар лигасының топтық кезеңінің ақтық сынында мәскеулік ЦСКА мадридтік “Реалды” ойсырата жеңді. Бұл туралы Vesti.kz. хабарлады. 

Кездесу 3:0 есебімен ресейлік клубтың пайдасына шешілді. Бірінші таймда ресейлік клубтың шабуылшысы Федор Чалов 37-ші минутта есеп ашты, араға алты минут (43-ші) салып қорғаушы Георгий Щенников есепті еселеді. Ойынның 73-ші минутында жартылай қорғаушы Арнор Сигурдссон финалдық кездесудің нүктесін қойды.

Осындай есеппен корольдік клубты жеңгеніне қарамастан небәрі 7 ұпай жинаған ЦСКА G тобында төртінші орынды қанағат тұтты. Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне бұл топтан “Реал” және италиялық “Рома”шықты. Ал чехиялық “Виктория” командасы Еуропа лигасында өнер көрсетеді.

 

Айта кетейік, 12 желтоқсанда Астана уақытымен 23:55-те чехиялық “Виктория Пльзень” мен италиялық “Рома” және испаниялық “Реал” мен ресейлік ЦСКА ойнады. Ал 13 желтоқсанған қараған түні 02:00-де “Аякс” (Голландия) – “Бавария” (Германия), “Бенфика” (Португалия) – АЕК (Грекия), “Валенсия” (Испания) – “Манчестер Юнайтед” (Англия), “Манчестер Сити” (Англия) – “Хоффенхайм” (Германия), “Шахтер” Донецк (Украина) – “Лион” (Франция) және “Янг Бойз” (Швейцария) – “Ювентус” (Италия) матчтері өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз