Рой Джонс Қазақстан ұлттық құрамасының боксшыларымен кездесті

0
81
Сурет: ҚБФ баспасөз қызметі

Төрт салмақ дәрежесінде әлем экс-чемпионы әрі 1988 жылы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рой Джонс  бокстан еліміздің ұлттық құрамасымен кездесті.

Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) баспасөз қызметі хабарлағандай  Америкалық былғары қолғап шебері Астанадағы ұлттық құраманың базасына қарағандылық “Шахтер” футбол клубының жейдесін киіп келген.

“Джонс базаға күтпеген жерден келді. Негізі оны басқа бір спорттық шараның қонағы болуға шақырған, алайда Азиадаға дайындық шаралары жүріп жатқанын есітген ол біздің боксшыларымызбен жүздесуді қалаған”, – делінген ҚБФ ресми сайтында.  Базада Джонс боксшылармен және ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен сөйлесті. Ол құрамаға Азиада ойындарында абыроймен өнер көрсетуді тіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз