Роналдумен кездескен қазақ балаға айыппұл салынды

0
238
Ахмади Ержанов футболшы Криштиану Роналдумен.

Қазақстандық жас жанкүйерге Криштану Роналдумен көрісу үшін алаңға жүгіріп шыққаны үшін айыппұл салынды.

21 шілде күні Сингапурда өткен “Ювентус” пен “Тоттенхэм” арасындағы халықаралық чемпиондар клубының матчында қазақстандық футбол жанкүйері ойыншылар отыратын орыннан Роналду көріп қалған. Кейіннен ол сүйікті спортшысының қолын алу үшін алаңға жүгіріп шыққан.

Ювентус бапкері бұл туралы былай деп жазды:

“Алаңда жүгіріп келе жатқан жас жігітті көрдім. Оны алып кетеді-ау деп қорықтым. Ол Роналдумен суретке түскісі келген. Сол үшін мен оны осында ертіп келдім. Мен үшін бұл қуаныш”, – деді Ювентус бапкері.

Алтын доптың 5 дүркін иегері келген жігітті қуана қарсы алып, суретке түсіп, ойын біткенше сол жерде тамашалуға шақырған.

Кейбір деректерге сүйенсек, баланың есімі Ахмади Ержанов. Ол ойынға өз әкесімен келген. Кейіннен алаңға шыққаны үшін оларға айыппұл салынды.

“Бізге айыппұл салынғанына еш қынжылмаймын. Баламның арманын орындағаныма қуаныштымын”, – деді Ахмадидің әкесі.

Ол әкесімен Ақтаудан келген. Айта кетейік, “Ювентус” – “Тоттенхэм” кездесуі 21 шілдеде Сингапурда өткен болатын. Бұл кездесуде ағылшындар 3;2 есебімен жеңіске жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз