Самбо күресі олимпиадалық спорт түріне енгізілді

0
307
Самбо күресі

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ресми түрде самбо күресін 3 жылға олимпиадалық спорт түріне енгізді.

Айта кетейік, самбоны әлемдік олимпиада ұжымына кіргізу жөніндегі бастама Василий Шестаковтың бастамасымен 2009 жылы жария етілген болатын. 24.kz сайтының хабарлауынша, 2003 жылы Мемлекеттік спорт комитетінің шешімімен самбо ресми түрде Ресейдің ұлттық және басымдыққа ие спорты болды.

Самбо күресінің тарихы Кеңестер Одағы тұсында 1938 жылы 16 қарашадан. Сол жылы дене шынықтыру саласының бүкіл одақтық комитеті самбоны бірауыздан спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш тіркестен тұрады. Орыс тілінде талдап айтсақ, алғашқы тіркес “сам(ооборона)”, “б(ез) о(ружия)” деген сөз шығады. Бұл “қарусыз қорғану” мағынасын береді. Самбо бір емес, жиырма елдің ұлттық спорт түрлерінің жиынтығы деген пікір бар.

2020 жылғы Олимпиада Жапония астанасы Токиода өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз