2018 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты

0
197
praktika.mirtesen.ru

Оңтүстік Кореядағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары бүгін басталды. Пхёнчанда жергілікті уақыт 20.00-де (Астана уақытымен 17.00) 2018 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатының легін әдеттегідей Грекия құрамасы бастап шықты, қалған командалар тізім бойынша шеруді жалғастырды.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын шамамен 35 мың көрермен тамашалайды деп күтілді.

тікелей эфирден алынған кадр

Жергілікті уақыт 18.01 – де Қазақстан құрамасы ашылу салтанаты шеруінде жүріп өтті. Қазақстан туын ұстап, құраманы шорт-трекші Абзал Ажғалиев бастап шықты.

тікелей эфирден
тікелей эфирден

Шеру соңында Оңтүстік және Солтүстік Корея спортшылары бір байрақтың астынды шықты.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз