Тоғызқұмалақтан әлем біріншілігі Түркияда өтеді

0
111
Тоғызқұмалақ ойыны. Көрнекі сурет

25 сәуір мен 4 мамыр аралығында Түркияның Анталья қаласында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан V әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

ІV рет тоғызқұмалақтан әлем біріншілігі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Нұр-Cұлтанда өткен еді. Ол біріншілікте әлемнің 25 елінен 70-тен астам тоғызқұмалақшы келіп, бақ сынаған. Алдағы чемпионатта ел намысын таңдаулы ойыншылар қорғайды дейді федерациядағылар. Қазір жарысқа қатынасушылар соңғы дайындықтарын шыңдап жатыр.

Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарда, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Сонымен қатар, бұл ойын адамның жылдам ойлауымен бірге бірнеше тәсілмен тез шешім қабылдауына пайдалы әсерін береді. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз