Велошабандоз Винокуров Ironman жарысында жеңіске жетті

0
149
Мәре сызығына бірінші болып жеткен Александр Винокуров Лондондағы олимпиада кезінде. 28 шілде 2012 жыл.

2012 жылғы Олимпиада чемпионы велошабандоз Александр Винокуров триатлон бойынша өткен Ironman чемпионатында 45-49 жас аралығындағы спортшылар арасында әлем чемпионы атанды.

Үш кезеңнен құралған (жүзу, веложарыс және жүгіруден) жарыста Винокуров 3,8 шақырымды 1 сағат 9 минут 6 секунд уақытта жүзіп өтіп, 180 шақырым жерді велосипедпен 4 сағат 21 минут 6 секундта жүріп өткен. Жүгіру марафонын 3:12:17 көрсеткішпен аяқтаған. Жарыстың үш кезеңіне барлығы 8 сағат 48 минут 24 секунд жұмсаған. Спортшы өткен жылы да Ironman-ге қатысқан, бірақ ол кезде алтыншы орын алған.

Германия спортшысы Ян Фродено (көрсеткіші 7:51:13) жарыстың абсолютті чемпионы атанды. Әйелдер арасынан Германия спортшысы Анне Хауг (8:40:10) үздік спортшы ретінде танылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз