Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші қарсыласы белгілі болды

0
245

Ақтөбелік Жалғас Жұмағұлов 28 қараша күні Лас-Вегас қаласында Швециялық Амир Албазимен UFC cегізбұрыштығында(октагон) жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Амир Албази өз инстаграм парақшасында бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік Жалғас пен Амир өткен шілде айында UFC-де өздерінің дебюттық жекпе-жектерін өткізген болатын. Жалғас Жұмағұлов төрешілердің шешімі бойынша жеңіліс тапты, ал Амир Албази жеңіске жеткен еді.

Амир Албази (13-1-0)

Лақап аты: The Prince

Туған күні: 27.10.1993

Бойы: 165,1 см 

Салмағы: 61,23 кг 

Жалғас Жұмағұлов (13-4-0)

Туған күні: 29.08.1988

Бойы:162,56 см

Салмағы: 56,7 кг   

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз