Желаяқ Литвин жүгіруден Қазақстан рекордын жаңартты

0
211

Өскеменде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды. Жарыстың басты жаңалығы – Михаил Литвин орнатқан екі рекорд. Желаяқ Литвин 400 метрге жүгіруде жеңіске жетті. Оның уақыт көрсеткіші – 46.26. Бұл – Қазақстанның жабық ғимараттағы жаңа рекорды.

Михаил Литвин жеңіл атлетикамен айналысуды 2011 жылы Петропавл қаласында бастаған. Ол 200 және 400 метрге жүгіруге машықтанған. 2016 жылғы қысқы Азия чемпионатында үшінші орын алған болатын.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз