Зидан “Реалдан” кетті

0
97
дереккөзден

45 жастағы француз маман Зинедин Зидан баспасөз конференциясы барысында мадридтік «Реал» футбол клубының бас жаттықтырушысы лауазымынан кететінін хабарлады.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Зидан өз сөзінде команда ендігі ойындарда топ жару үшін оған өзгеріс, тың тәсіл мен қатынас қажеттігін алға тартып, аталған шешімге келгендігін алға тартты.  «Бұл клуб менің жүрегімде мәңгілікке қалады, бірақ, өзгеріс уақыты келді », – деді Зидан.

Зидан  2006 жылы футбол мансабын доғарып, 2009 жылы «Реал» клубы президенті Флорентино Пересаның көмекшісі лауазымына тағайындалған еді. 2014 жылы Зидан «Реалдың» жастар құрамасына басшылық етті, 2016 жылы Рафаэль Бенитес кеткеннен кейін «Реал» негізгі құрамасына жетекшілік жасады.

Зиданның басшылығымен «Реал» чемпиондар Лигасында жеңіс тұғырынан көрінді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз