«Ақылды жанармай» мобильді қосымшасы

0
73

«Жаздың аптабында Ақтау қаласының бір жанармай құю бекетінде ұзақ уақыт кезекте тұрдым. Кенет неге осы жұмысты автоматтандыратын мобильді қосымша ойлап таппасқа деген ой келді?! Бұл көлікке де жүргізушіге де тиімді емес пе?!».

«Ақылды жанармай» мобильді қосымшасын іске қосқан Айдар Садыровқа ең алғаш идея осылай келген еді.

Kapital.kz сайты хабарлағандай бүгінде елімізде шамамен 4 мыңнан астам жанармай құю бекеті жұмыс атқарып келеді.  Оның 1000-ға  жуығы үлкен станциялар болса қалғаны орта және кішігірім станцияларға тиесілі.

«Ақылды жанармай» қосымшасымен келісімшартқа 50 жанармай бекеті қол қойған. Оның 25-і жүйелі жұмысты бастаса, қалғандары қосылу үстінде. «Қосымша жұмысын жаңадан бастағандықтан кейбір жанармай бекеттерімен келісімшарт жасау ұзаққа созылуда», – дейді Айдар Садыров.

Қазіргі таңда бұл қосымша еліміздің Астана, Алматы, Қарағанды қалаларындағы ең ірі 4 жанармай бекетімен жұмыс атқарып келеді. Мобильді қосымшаның артықшылығы жүргізуші еш кезек күтпейді. Жанармай түгесілгенде бірден қосымшаға кіріп тиімді бекетті таңдай алады. Сондай-ақ жанармай бағасы мен жеңілдіктерді де дер кезінде хабарлап отырады.

«Ақылды жанармай» мобильді қосымшасы 2 жылдың ішінде еліміздегі 5 пайыз жүргізушіні тіркеуді мақсат етіпті. Бүгінге дейін қосымшаны іске қосып істі дөңгелету үшін 100 мың доллардан аса қаржы жұмсалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз