Қазақстан мен Қытай 100 млн долларға дата орталық салады

0
109
Photo: IT Peer Network

2020 жылы Нұр-Сұлтанда дата орталықтың құрылысы басталады. Бұл туралы Қазақстандағы блокчейн қауымдастығына сілтеме жасап 7kun.kz хабарлады.

Ұйым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Қазақстанда цифрлық инфрақұрылымды дамыту туралы меморандумға қол қойылғанын түсіндірді.

Құжатта 100 млн долларға дата-орталық салу қарастырылған, бұл жобаны Қазақстанның энергетикалық компаниясы қатысатын халықаралық компания және “CETC International” мемлекеттік компаниясы (SETS мемлекеттік корпорациясының еншілес компаниясы) жүзеге асырады. Құрылысқа Қазақстандағы блокчейн және дата-орталықтарды дамыту қауымдастығы қолдау көрсетеді.

Дата орталық – бұл серверлік және желілік жабдықтарды орналастыру және абоненттерді интернет желісі арналарына қосу үшін мамандандырылған ғимарат.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз