Қазақстанда тыйым салынған 18 мың сайт белгілі болды

0
91
Photo: addictivetips.com

2019 жылы Қазақстанда 18 мың заңсыз сайт анықталған. Олар зорлық-зомбылық пен экстремизмді насихаттайды.

Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі 18 мың заңсыз интернет-ресурстарды анықтады.

“Бұл порнографиялық материалдарды тарату, зорлық-зомбылық пен қатыгездік, экстремистік, сондай-ақ есірткіге қатысты қылмыстарды насихаттау”, – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сенат отырысында.

Биыл полиция ақпарат және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша 84 қылмыстық іс тіркеген.

Министрдің айтуынша, басқа елдерде жасалған шекаралық алаяқтықтың 42 қылмыстық ісі анықталған.

Бүгін депутаттар “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің ақпараттық технология саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы” заңды қабылдады. Бұл елдерге IT қылмыстарды бірлесіп анықтауға және тергеуге мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз