Қазақстанда Uber KZ қосымшасы іске қосылды

0
80

Қазақстанда Uber KZ жаңа қосымшасы іске қосылды. Оны App Store мен Google Play-ден жүктеп алуға болады.

 Uber-АҚШ-тағы халықаралық компания. Мақсатты жерге жету үшін такси немесе жеке жүргізушілерді іздеу, шақыру және төлеуді жүзеге асыратын мобильдік қосымша.

Uber KZ-те Алматы мен Астана үшін ең қолжетімді uber START тарифі пайда болды. Ол uber X-ті алмастырған және орта есеппен 15% арзан.

Uber-дегі жаңа қызметтер, тарифтер мен сервистің ұсыныстары Uber KZ-де қолжетімді.

Жаңа қосымшаның іске қосылуына орай қолданушылар жеңілдіктер ала алады. Ол үшін Uber KZ тапсырыс беру кезінде бағыттың соңғы нүктесін белгілеп, картамен төлеуді таңдау қажет. Жеңілдіктер 22 қаңтардан 10 ақпанға дейінгі аралықта жалғасады.

Қосымша векторлы картаны қолданады, сондықтан интернеттің баяулығына қарамастан жақсы жұмыс істейді. Сондай-ақ жаңа қосымшада жаңа қызметтер іске қосылған, енді комментарий жазуға, жол бойына тоқтап, бір жерге соғу керек болса бәрін алдын ала жазып қалдыруға болады.

Жаңа қосымша еліміздің Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз