Қазақстандықтар ең көп кіретін сайт анықталды

0
420

MapsOnTheWeb сайты әлем елдерінің, оның ішінде Қазақстанда өткен айда ең көп қолданылған сайттар тізімін картамен көрсетті.

Өткен айдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар ең көп қарайтын сайт “Күнделік”.

“Күнделік” – ата-аналар балаларының сабақ үлгерімін қадағалап, үй тапсырмаларын оқи алатын электронды күнделік. Сонымен қатар бұл мұғалімдер, балалар және олардың ата-аналары арасындағы заманауи байланыс құралы. 

Сайттарды іріктеу кезінде “Google”, “Facebook” және “YouTube” секілді ірі іздеу жүйелері мен әлеуметтік желілерді ескермеген. 

Көршілес Ресей елінде “Вконтакте”, Қытайда “Tmall.com”, Қырғызстанда “aliexpress” және Өзбекстанда “Оlx” сайттары ең көп қолданылған.



        

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз