Бет-әлпетке қарап генетикалық ауруды анықтайтын қосымша әзірленді

0
198

Жасанды интеллект адам көзқарасына, бет – әлпетіндегі ерекшеліктеріне қарап, ауру белгілері пайда болмай тұрып ерте диагностика жасауға көмектесетін болады. 

BBC агенттігінің хабарлауынша, ғалымдар жаңа зерттеу барысында адамның жүзіндегі өзгерістер нақты бір аурудың белгілері бола алатынын анықтады.  «FDNA атты бостондық стартап компания Face2Gene қосымшасын жасап шығарған. Бұл қосымша емделушінің бет-әлпетіне қарап генетикалық аурулардың пайда болуын ерте анықтай алады.

Face2Gene қосымшасы

Қосымша жасанды интеллект технологиясына негізделген. Оның алгоритмі адамның бет пішініне қарап сирек кездесетін генетикалық ауруларды да ерте анықтай алады», – деп жазды BBC.

Автордың айтуынша, алгоритмге 216 генетикалық аурумен ауыратын 17 мың адамның суреті көрсетілген. Сол арқылы жасанды интеллект олардың келбетіндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді анықтаған.

«Бұл белгілерді дәрігергер көре алмайды. Осы күнге дейін Face2Gene жүйесі қойған диагноздың 91% дұрыс болып шыққан. Ал генетикалық аурулар ерте анықталған жағдайда оған жасалатын ем-дом шаралары да жылдам әсер ететіні белгілі. Сирек кездесетін аурулар әлем халықтарының он пайызында болатындықтан, мұндай технологиялар медицинаға төңкеріс әкелетін болады», – дейді автор.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз