Ең тез қуатталатын смартфон анықталды

0
64

Қытайлық зертеушілер тез қуатталатын ұялы телефондардың тізімін жасады.

Сарапшылар зерттеу кезінде смартфондардың жарты сағатта қанша пайыз қуат алатынын бақылап, аккумулятордың сыйымдылығын ескермеген. Алайда кейіндеу мұның зерттеу нәтижесіне еш әсерін тигізбейтіні белгілі болған. Мамандардың сөзінше, жарты сағатта 92 пайыз қуат алған Oppo R17 Pro смартфоны (сыйымдылығы – 3700 мАч) тізімде бірінші тұр. Ал 2-орынға 83 пайыз қуатталған Honor Magic 2 (сыйымдылығы – 3500 мАч) тұрақтады. Тез қуатталатын смартфондардың тізімінде 3-орында 66 пайыз көрсеткішпен Meizu Pro7 Plus (сыйымдылығы – 3500 мАч), оның соңынан жарты сағатта 66 пайыз жинаған Oppo R11 мен Meizu 16th Plus (сыйымдылығы – 3640мАч) тұр.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, iPhone модельдерінен бұл тізімге тек  iPhone 8 Plus смартфоны ( 2675 мАч) кірген. Ол жарты сағатта 40 пайыз қуат алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз