Эпидемиологиялық тексеріске көмектесетін “Zertteu” қосымшасы пайда болды

0
115
Photo: sputniknews.com

Қазақстанның цифрлық даму министрлігі шетелден келген жолаушылардың эпидемиологиялық тексерісін жылдамдату мақсатымен “Zertteu” қосымшасын жасады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Министр Бағдат Мусиннің айтуынша, “Zertteu” қосымшасы эпидемиологиялық тексеріске көмектеседі. Яғни, шетелден келген жолаушылар ақпараттарды қағазға толтырады. Одан кейін қағаздар орталық тексеру органына жіберіледі. Орган оны қолмен теріп базаға енгізеді. Бұл процесстің барлығы уақыт талап етеді, және өзіндік мәселелері пайда болуы мүмкін. Осының барлығын автоматтандыру үшін министрлік арнайы қосымша жасады. Оны келген жолаушыларға телефондарына жазып алуын ұсынылады, барлық деректер электронды форматта тез әрі оңай жасалады.

“Мысалы, егер осы кездесуге қатысқан біреуімізде коронавирус анықталса, қалғандарына анонимді түрде “сіз ПТР тестін алуыңыз керек, мүмкін сіз вирус жұқтырған адаммен байланыста болғансыз” деген хабарлама келіп түседі,” – деп түсіндірді министр.

Мұның алдында министрлік коронавирус індетіне байланысты “Saqbol” қосымшасын жасап шығарған. Бұл қосымша азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және індет жұқтырған адамдармен байланыста болғаны  туралы уақытылы хабардар етуге көмектеседі.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз