Facebook парақшаңыз мұраға қалуы мүмкін

0
60

Германияда Facebook парақшасы жеке меншік әрі күнделік ретінде саналғандықтан мұра ретінде қарастырылып отыр. Euronews ақпаратына сүйенсек немістер мұны практика жүзінде іске асыруды бастап кетті.

Бірнеше жылға созылған қайғылы оқиғадан кейін сот осындай шешімге келген. Метрода пойыз астында қаза болған қыздың ата-анасы оқиғаға әлеуметтік желінің қатысы бар жоғын анықтағысы келген. Қыздарының әлеуметтік желідегі парақшасын ашуды қалаған ата-ананың басты мақсаты жағдайдың өз-өзіне қол жұмсау болып, болмағандығын анықтау еді. Осыны негізге алған ата-ана әлеуметтік желі басшылығына хабарласқан. Алайда “Facebook” компаниясының заңгерлері әлеуметтік желідегі қайтыс болған адамның жеке ақпараттары тірі адамның мәліметтері секілді құпия болатынын алға тартып отыр.

Алайда сот үкіміне байланысты ата-ана тарапы басымдыққа ие болып Америкалық компания ақпаратты беруге мәжбүр болды. Қазіргі Facebook ережелеріне сәйкес егер парақша иесі қайтыс болған жағдайда тиесілі ақпарат белгілі бір шектеулер негізінде ғана “мұрагер” меншігіне өтеді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз