Google жұмысынан ақау шықты

0
96

18 сәуірге қараған түні Google іздеу жұмысында және Gmail пошта қызметінде ақау пайда болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Бұл танымал интернет-ресурстарында ақаулар мен істен шығуды зерттейтін Downdetector сайтының мәліметінде көрсетілген. Көбіне америкалық қолданушылар шағымданған. Олар сайтқа кіріп, жеке аккаунтына кіру кезінде қиындықтар болғанын жазған.  Сондай-ақ, Аустралия, Жапония, Ресей, Украина және Ұлыбританияда осы қиындықтар байқалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз