Маск Қазақстанда инфрақұрылымдық база құрмақ

0
25
Илон Маск/дереккөзден

Tesla компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Илон Маск Қазақстанда Supercharger инфрақұрылымдық базасын құратынын хабарлады.

15 наурызда Маск  Tesla Model Y деп аталатын электрлі кроссоверін таныстырды. Жаңа электромобильдің Калифорнияда өткен таныстырылымында ол Қазақстанда Supercharger инфрақұрылымдық базасын салатынын хабарлады.

Маск Tesla автокөлігіне арналған электрлі жанармай бекеттерін бүкіл Еуропада құру туралы ойын ортаға салып жатқанда залдан әлдекім “Қазақстан” деп айқайлаған.

“Қазақстан”, – деп жылы жымиды Маск. – Ақиқатында бізді Қазақстанда жақсы қолдау көрсетеді. Мүмкін, солай жасап көрерміз. Суперчарджерлерді Қазақстанда құрамыз!”-, деді Маск.

Сондай-ақ Маск Бейжіңнен Лондонға дейін Tesla автокөлігі арқылы жетуге болатындығын алға тартты.


Илон Рив Маск – америкалық инженер, кәсіпкер, салымшы, миллиардер. PayPal компаниясының негізін қалаушылардың бірі, SpaceX компаниясының бас директоры және бас инженері. Forbes журналындағы миллиардерлер рейтингінде Масктің жағдайы $22,5 млрд көлемінде бағаланды.

Tesla (бұған дейін Tesla Motors аталған) – электр энергиясын сақтау мақсатында электромобиль шығаратын америкалық компания. Компания атауы электротехник және физик Никол Тесланың құрметіне қойылған.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз