«Нұр әлемде» әлемдік роботтар өнер көрсетуде

0
314
«Нұр Әлем» сферасында Астана тұрғындары мен қонақтары үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнерпаз роботтар өнер көрсетеді.

Елордалықтар 7 тамыздан бастап 26 қыркүйекке дейін жалғасатын роботтар балын «Нұр Әлем» павильонында сағат 10:00 – ден 20:00 – ге дейін тамашалай алады.

Америка, Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапония сынды елдерден әкелінген роботтар қонақтармен әңгіме дүкен құрып, ойын ойнап, билейді. Сондай-ақ, роботтар бал кешінің басты қонағы – Ұлыбританиядан келген Теспиан роботы.
Күліп-жылай алатын робот қонақтармен әңгімелесіп қана қоймай, Шекспирдің шығармаларын оқи алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өнерпаз робот театрландырылған қойылымдарға да қатысып үлгерген.

Роботтар балының тағы бір ерекшелігі, кешке келуші қонақтар роботтандырылған АХАЖ арқылы ресми емес формада некеге тұра алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз