“Робот даяшы” пайда болды (видео)

0
228
MC-1 атты Робот даяшы.

Түркияның Дүзже қаласында мектеп түлегі робот даяшы жасады. Бұл туралы Show Haber бағдарламасы хабарлады. 

3 айда құрастырылған роботты бастан аяқ жасауға 560 мың теңге (8 мың түрік лирасы) жұмсаған.

Роботтың иесі Мұстафа Жесур:

“Толықтай жергілікті өнім. Барлығын өз мүмкіндіктерімізге сай жасап шықтым. Робот даяшыға орныңыздан қозғалмай шәй және гамбургерге тапсырыс бере аласыз. “

Бірінші сызба жасап, асықпай жоспарын құрдым. Кейін қажет бөліктерін жинап роботты жасап шықтым. Кешке қуаттау үшін тоққа қосамын. Толық қуатымен ертеңіне кешке дейін алаңсыз қолдануға болады. 

Роботтың бір артықшылығы үйге келгенде смартфон арқылы жұмыс орнын бақылап отыруға болады.

Робот жасаушының ендігі мақсаты осы роботтың MC-2 және MC-3 түрін жасап шығару. Оның айтуынша кейінгі нұсқалары жасанды интеллект арқылы жұмыс жасайды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз