Samsung смартфонның ерекше үлгісін таныстырды

0
317
Сурет: bbc.com

Samsung компаниясы Сан Францискодағы конференцияда смартфонның жиналмалы жаңа түрін көпшілікке таныстырды.

Таныстырылымда қалтафонның Infinity Flex Display-і «келешектің смартфоны» деп сипатталып, бірнеше айдан кейін өндірісті бастауға ниетті екендігі айтылды.

Телефон ашылған кезде 7.3 дюйм (18,5 см) планшетке айналады. Қайта жинағанда, телефонның келесі бөлігінде кішірек «қақпақ бейне» пайда болады. Нақтырақ айтсақ, жинақы тұрғанда смартфон, ашылған кезде планшет ретінде қолдана аласыз.

Samsung 5 жыл бойы осы смартфонды бірінші таныстыру үшін Huawei-мен бәсекелесіп келді.

“Әртүрлілік өте маңызды. Себебі, Huawei және басқа да қытайлық брендтермен күрделі бәсекелестікке тап болғандықтан Samsung компаниясының смартфон сатылымы төмендей бастады. Егер компания нарыққа жаңа, шын мәнінде қызықты құрылғы әкелсе, сатылым қалпына келіп, тұрақты межеге қайта оралуы мүмкін», – деді IDC маркетингтік фирмасының қызметкері Марта Пинто.

Жиналмалы экрандардың ерекшелігі не?

Дэйв Ли, Солтүстік Америка IT репортерінің BBC-ге берген пікірі:

Смартфон мен планшет кеңістігінде инновация жүріп жатыр. Бұрынғы үлкен құрылғыларды кішкентай пішінмен флип-телефон ыңғайлы етсе, смартфондар арқылы алақан мен саусақ күшінің жұмсалуы азайды. Конференцияда Samsung тарапынан ортаға шыққан бұл пікір келешекте жаңа мүмкіндіктерді барынша пайдаланып тиімді құрылғы жасап  шығаруды негізге алды. Сондай-ақ жиналмалы экранның беретін мүмкіндіктері жөнінде IT мамандарына ой салу болатын. Әр жылы жарық көрген жаңа қалтафондардың бірдей көрінуіндегі себеп барлығы да өз жұмысын атқара алды. 

Ал жиналмалы экранға келер болсақ, келешекте бағасы, көлемі, салмағы тұрғысынан саудада біраз келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Samsung-тың бүгінгі құрылғысы біраз қысқа көрінгендей болды. 

Өзім қолға ұстап көрмейінше нақты бірнәрсе айту қиын.

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз