Шанхайда әлемдегі ең ұзын 3D көпір салынды

0
131
3D Көпір.

Бейжіңде Цинхуа университетінің сәулет мектебі 3D принтерде бетон көпір басып шығарды. Бұл туралы Қытайдың Dezeen агенттігі хабарлады.  

Әлемде ең алғаш осындай әдіспен жасалған бір жақты көпір полиэтилен фибробетоны мен қоспалардан құралған. Құрылыс 176 блоктан тұрады. Оны жасау үшін роботталған қолы бар екі 3D басып шығару жүйесі пайдаланылған.

3D көпір.

Агенттіктің мәліметінше, көпірдің ұзындығы 26,3 метр, ал ені 3,6 метр. 3D көпір Баошань ауданындағы арнадан өтеді. Барлық элементті басып шығаруға 450 сағат кеткен. Көпірді дәстүрлі әдіспен салғанша, басып шығарған үш есе арзанға шығады екен, себебі оған темір мен торлама қолданылмайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз