Шығыс Қазақстанда 5 тілде сөйлейтін “Тарихи жол” қосымшасы ұсынылды

0
106

“Тарихи жолдан” Қазақстандағы киелі орындар туралы ақпарат алуға болады. Онда тарихи кейіпкерлердің шынайы бет-әлпеті бейнеленген материалдар да орналастырылған. Сонымен қатар, қолданушылар 360 градустық бейнероликтерді де тамашалай алады. 

“Әрбір өңірдің ішкі және сыртқы туризм салаларын дамытуға септігін тигізіп, еліміздегі қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етпек», – дейді қосымшаны әзірлеген AV Soft компаниясының өкілі Айбек Әлмұхаметов.

«Тарихи жол» қосымшасын туристік гид ретінде де қолдануға болады. Өйткені бұл қосымша еліміздегі барлық нысанның қай аумақта орналасқанын өте жақсы біледі. Онда қажетті ақпараттар қазақ, орыс, ағылшын,түрік, қытай тілдерінде берілген. Айбек Әлмұхамбетовтің айтуынша, туристер қосымшаны интернеті жоқ елді мекендерде де офлайн режимде пайдалана алады.

Altaynews.kz хабарлауынша қосымшада Шығыс Қазақстанда орналасқан қырықтан астам нысан цифрландырылған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз