Шынжырсыз велосипед ойлап табылды

0
105

Велосипедтің шынжыры ажырай беріп қолы қап-қара май болмаған адам аз шығар. Енді бұл олқылықтың орны толды. Себебі Даниядағы CeramicSpeed компаниясының өкілдері шынжырсыз жүретін  велосипед ойлап тапты. Tengrinews хабарлағандай мұндай велосипед үлгісі Eurobike 2018 көрмесінде таныстырылды.

Мәліметтерге сүйенсек, велосипедтің құрылымы 13-деңгейлі алюминий-көмір пластик толқынмен дайындалған. Осы трансмиссия арқылы артқы дөңгелектегі қозғалысты бағыттап тұратын кассета айнала алады. Өнертапқыштардың айтуынша, жаңа трансмиссиядағы дөңгелену функциясының тиімділігі – 99 пайыз. Жаңа құрылым Driven деп аталады екен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз