«WhatsApp» мессенджері хабарлама таратуға шектеу қояды

0
97

«WhatsApp» мессенджері мазмұны бірдей хабарламаны бес реттен артық жіберуге тыйым салды. Бұған жалған ақпараттың көп таралып кетуі және оның тұрғындар өмірін қауіп туғызуы себеп болған. Бұл туралы kazaknews.kz агенттігі хабарлады.

«Бүгінде әлем бойынша бес хабарламадан артық таратуға шектеу енгізіп жатырмыз», – деді «WhatsApp-тың» саясат және байланыс жөніндегі вице-президенті Виктория Гранд.

Бұл жаңалық Индонезия астанасында өткен іс-шарада жарияланды. Мұндай шектеу Үндістанда өткен жылдың шілдесінен бастап қолданылып келеді. Оған жалған хабарламалар себеп болған. БАҚ 20-дан астам адам қылмыскерлердің қауесетісалдарынан опат болғанын жазды.Бұған дейін мессенджерде бірдей хабарламаны 20 адамға немесе топқа жіберуге болатын еді.

Айта кетейік, бұл қызмет21 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Алдымен Android, кейін iOS платформасының қолданушылары үшін енгізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз