WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

0
63
WhatsApp

WhatsApp мессенджерінде қолданушы өзін топтарға кімнің қоса алатынын таңдай алатын болды. Жаңа функция туралы компанияның сайтында хабарланды.

Компаниядағылардың айтуынша, ол жаңа функцияны “Топтар” бөлімінен көруге болады. Қолданушы оны топтарға қосқанын қаламаса, басқа қолданушылар үш күн ішінде оған жеке хабарламалар жолдап, топқа қосылуын ұсына алады.

Жаңа функция бүгін кейбір қолданушылардың телефондарында пайда болды, ал кейінірек WhatsApp-тың соңғы жаңартылған нұсқасының барлығында осы функция жұмыс істейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз