Қытай әлемдегі ең арзан электр көлігін жасады

0
133
Қытайлық Great Wall Motors компаниясы жасаған ORA R1 атты көлік.

Қытайлық компания құны 3,5 миллион теңге тұратын әлемдегі ең арзан тоқпен жүретін көлікті нарыққа шығарды.

Илон Масктың Tesla компаниясы нарықтағы ең арзан электр көліктерін шығаратыны баршаға мәлім. Ал, қытайлық компанияның техникасы одан да асып түсті.

Great Wall Motors компаниясы , ORA R1 атты көліктің құны 8 мың 680 доллар болатынын мәлімдеді.

ORA бас менеджері және Great Wall Motors компаниясының вице-президенті Нинг Шуйун нарыққа жаңа шыққан ORA көлігінің бастапқыда қолданушыларға таңсық болуы мүмкін екендігін айтты.

 250-300 км аралығы

 ORA R1-дің сағатына 33 кВт энергия қолданатын қуат көзі бар. Көлік толық қуатталған болса 312 км қашықтыққа дейін жүре алады. Алайда, NEDC (Жаңа еуропалық қозғалыс циклы) өлшемін пайдаланғандықтан, толық қуатталып 240 км қашықтыққа жететіндігі айтылуда.

Көлікті оталдыру өте оңай. «Hello ORA» десеңіз жасанды интеллект көмегімен қосыла кетеді. Қаңқасының 60 пайызы болаттан жасалған. 120 мың км немесе 3 жыл кепілдік беріледі. Ал бөлшектерінің кепілдігі 8 жыл.

 Great Wall Motors компаниясының мақсаты Қытаймен шектелмей, әлемді арзан әрі қолжетімді тоқпен жүретін көлікпен қамтамасыз ету.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз