Қытайда робот тележүргізуші пайда болды

0
109

Оқи отырыңыз: Қытайда робот мұғалімдер сабақ береді

7 қараша күні Қытайдың Синьхуа ақпараттық агенттігінде алғаш рет жасанды тележүргізуші ақпарат таратты.  

Агенттік қызметкерлері робот жүргізушінің “экрандағы ақпарат мәтінін профиссионал жүргізушілер секілді” оқитындығын айтады. Алайда, бұған көп адам күмәнмен қарап отыр.

Робот диктордың ең алғашқы сөзі: “Саламатсыздар ма, сіздер ағылшын тіліндегі бағдарламаны тамашалап отырсыздар”, – деп басталды.

Роботты жасау үшін қытайлық ”Sogou” атты іздеу жүйесі қолданылған.

“Мендегі жүйеге қанша мәтін енгізілсе де ақпарат таратудан шаршамаймын”, – деді ол хабар басталар тұста.

“Ақпаратты жедел жеткізуге бар күшімді саламын”,-дегені өз алдына.

Солдан оңға қарай біріншісі адам, екіншісі робот тележүргізуші. Айырмашылығы қаншалықты?

Синьхуа агенттігіндегілердің айтуынша, жасанды жүргізушілер сайтта және әлеуметтік медиа арналарда 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс жасай береді.

Агенттік робот жүргізушілердің соңғы ақпараттарды жедел таратуда өте қолайлы екендігін айтты.

Жасанды интеллект жүйесі тележүргізушілердің даусын ретке келтіру, сөйлеу барысында ауызды қимылдату үшін қолданылды. Бет-әлпетінің барлығы Синьхуа агенттігіндегі журналистерге негізделіп жасалған.

Бұл адамның 3D бейнеде көрінуінен әлдеқайда ерекше. Мұнда суретке ұқсатылған бет-әлпет пішіні дене бітіммен байланыстырылып жанды секілді көрінеді.

“Аталмыш тележүргізуші барынша жанды адам секілді көрінуге тырысып бақты” дейді Оксфорд университетінің профессоры Майкл Улдридж.

“Бұған ұзақ уақыт бойы қарап отыра алмайсың, даусында да ритм жоқ, бірсыдырлы”, – деді профессор BBC-ге берген сұхбатында.

“Егер сіз тек анимацияға қарап отыратын болсаңыз диктормен арадағы байланысты үзіп аласыз”,- деді ол.

Дегенмен, “бұл алғашқы бастама жаман емес” деді Шеффилд университеті жасанды интеллект және робототехника бөлімінің профессоры Ноэль Шарки.

“Біз мұны ақырындап жетілдіре береміз. Алайда, біраз ішпыстырарлық дүние шығуы мүмкін”, – деді профессор.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз