Қытайда жүргізушісіз автобус пайда болды

0
49

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласында 5G байланысымен қамтылған жүргізушісі жоқ автобус сынақтан өткізіліп жатыр. Бұл туралы Digital Trends хабарлады.

Автобус бақылау аппарат желісі мен лазерлі локатор технологиясымен жабдықталған. Ол барлық автоматты операцияны 5G мобильді желісінің көмегімен жасайды.

12 адамға арналған электрлі автобустың ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 20 км.

Аталған өнімді China Mobile, Huawei компаниялары мен Оңтүстік-шығыс университеті және франциялық Easy Mile компаниясы бірігіп құрастырған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз