Жақында ең жұқа телефон жарыққа шығады

0
105
сурет: bbc.com

Жапонияның NTT Docomo телекоммуникациялық компаниясы  қалыңдығы 5,3 мм (0,2 дюйм), 4G телефон жасап жатқандығын хабарлады.  Пластик кард салатын қалыпқа сыйып кететін кішкентай қалтафон келесі айда жарыққа шығады.

Салмағы 47 грамм, сенсорлы экраны электронды кітаптарға ұқсайды.
Пішініне қарай мүмкіндігі шектеулі. Камерасы болмағанымен, қоңырау, мәтін және желіге қосылу қамтылған.

Телефон  “Keitai KY-01L” карта дизайнымен Kyocera фирмасында жасалады.

«Қарапайым, ыңғайлы» телефонды NTT Docomo компаниясы үлкен экранды смартфондары бар адамдар үшін  қосымша құрылғы ретінде көреді.

NTT Docomo компаниясы ұялы телефонды «әлемдегі ең жұқа» деп сипаттайды. Алайда, басқа телефон өндірушілер бұл пікірмен келіспеуі мүмкін.

Өйткені, Oppo R5  атты қалтафон 2014 жылы 4,85 мм көлемде жарық көрген болатын. Айта кетейік, сол жылы пайда болған Vivo X5 Max телефоны 4,75 мм болды.

Ал, 2016 жылы шыққан Motorola Moto Z-ның қалыңдығы 5,2 мм болатын.

KY-01L қалтафонының құны $ 280, 216 АҚШ доллары (103 мың теңге).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз