Елде экспорт көлемі 50 млрд доллардан асты

0
114

2018 жылдың алғашқы 11 айында Қазақстандағы экспорт көлемі 26% -ға өсіп,  $ 54,7 млрд долларды құрады. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Министр қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 14,3 млрд. долларға жеткенін атап өтті.

«2018 жылы қазақстандық өнімдер 119 елге экспортталды. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы сіздің алдағы үш жылда 500 млрд теңге бөлу туралы шешіміңіз шикізаттық емес экспортты дамытуға жаңа серпін берді. Бұл 2021 жылға қарай шығарылатын тауарлардың экспортын 820 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға, ал экспорттаушылардың саны – 411-ден 600-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді », – деді Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, 400 миллиард теңге қазақстандықтардың күнделікті тұтынатын 250-ге жуық өнеркәсіп өнімдерін шығаруға бағытталатын болады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз