“Мерейлі отбасы – 2017” байқауының жеңімпаздары анықталды

0
123

16 қыркүйек күні Астана қаласының «Қазақстан» Орталық концерт залында  «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларын мараппаттау рәсімі болып өтті.

Отбасы құндылығын арттыру мақсатында қолға алынып жатқан шаралар өте көп. Сондай шаралардың бірі – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы. Отбасы институтын нығайтуға, берекелі де бақытты шаңырақтарды көпшілікке насихаттауға арналған іс-шара.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтауды мақсат еткен бұл байқау 2014 жылы алғаш ұйымдастырылған болатын. Тұсауы кесілген жылдың өзінде-ақ байқауға 1298 отбасы қатысқан болса, биылғы жылы еліміздің түкпір-түкпірінен 2879 отбасы қатысуға өтініш білдірді. Олардың 1041-і – көп балалы отбасылар. Ұлттық байқауға елімізді мекендейтін 20 этнос өкілі мен 27 аралас ұлттан құралған отбасылар қатысты. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің арасында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің болуы еңбектің жемісін көретіндігіміздің тағы бір дәлелі іспетті.

Еске сала кетейік, жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан байқаудың былтырғы жеңімпаздары Ақтөбелік Нұсқабаевтар отбасы болатын. Әулеттің  асқар тауы – Абдолла Нұсқабаев ұлы отан соғысының ардагері, қызыл жұлдыз орденінің кавалері. Кеңес одағының маршалы медалімен марапатталған. Конкурс жеңімпаздары Нұсқабаевтар әулеті шағын автобустың кілтін иемденген болатын.

Ал биылғы жылы “Мерейлі отбасы” 2017 конкурсында Қарағанды облының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері, Теміртау қаласының металлургия зауытында 45 жыл еңбек еткен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған Куриленко қарияның отбасы бас жүлдеге ие болды. Куриленко – “Ерлігі үшін”, “Георги Жуков” т.б. медальдарының иегері, жұбайымен 66 жыл бірге өмір сүріп, 5 бала, 10 немере, 7 шөбере тәрбиелеп отырған ақсақал.

Жылдағы  дәстүр бойынша биыл да конкурс жеңімпаздарына, яғни үздік отбасыға, шағын автобустың кілті табысталды.

Сонымен қатар, конкурсқа қатысушы әр облыстың жеңімпаздарына ҚР Президенті қорынан еліміздің кез-келген аймағынан құны 300 мың теңге тұратын тұрмыстық техниканы алуға мүмкіндік беретін сертификатпен марапатталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз