Қореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың мәселесі талқыланды

0
40

Қазақстан Республикасы және Корея Республикасы Сыртқы саяси ведомстволары арасында Консулдық мәселелер жөніндегі консультацияларының 5-ші отырысы өтті.

Қазақстан делегациясын СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Тауболды Үмбетбаев, ал корей тарапын СІМ Шетелдегі кәрістер істері және консулдық мәселелері жөніндегі бюроның бас директоры Ву Ин Шик басқарды. Іс-шараға сондай-ақ екі елдің мүдделі құзыретті органдарының өкілдері де қатысты.

Аталған консультациялар барысында екі елдің консулдық саласында туындаған бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Оңтүстік Кореяның аумағына Қазақстан азаматтарын кіргізбей кері қайтару, заңсыз еңбек мигранттардың қалыптасуына жол бермеу және оның шешу жолдары, екі ел азаматтарының өзаралық негізде құқықтарын қорғау, шарт-құқықтық базаны кеңейту және тағы басқа екі тарапқа ортақ өзекті мәселелер талқыланды.

Консультациялардың нәтижесі бойынша тараптар жаднама жазбалармен алмасты.


Оңтүстік Корея өз аумағында заңсыз жүрген шет ел азаматтарына арнап “жасыл дәліз” режимін енгізген болатын. Корея тарапы енгізген талаптарға сай 2018 жылдың қазан айынан бастап  Оңтүстік Кореяның иммиграциялық билік өкілдері полициямен бірлесіп елде заңсыз жүрген имигранттарды қолға түсіру үшін қатаң рейттерді бастады. Осы рейттер барысында елде заңсыз жүрген шет ел азаматтарын қолға түсірген жағдайда оларға заң бұзушылар ретінде тиісті әкімшілік шараларды қолданатын болады. Рейт барысында қолға түскен шет ел азаматтары шамамен жиырма миллион корей вонына дейін (6,5 миллион теңге) айыппұл салынып, Корея Республикасының аумағына 10 жылға дейін кіруге тыйым салынады.

Ресми деректерге сәйкес Корея Республикасы аумағында 12 мың Қазақстан азаматтары заңсыз жүр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз