Экрандағы бір кадр бірегей халықтың үні болуы мүмкін. Ал сол кадрды жасаған медиа қоғамның ой-санасы мен мәдени болмысын айқындайды. Қазақстанның медиа кеңістігі мен кино саласы соңғы жылдары дәл осындай мәнге ие бола бастады. Олар тек көрерменді қызықтырып қана қоймай, халықтың рухани сұранысына жауап беретін маңызды құралға айналып келеді. Бір тұста жылдар бойы жиналған сұрақтар түйін шығара алатындай жауапқа айналуы тиіс. Қазақстанның медиа саласы бүгінгі таңда қаншалықты бай? Ал отандық кино мәдениеті рухани тұрғыдан қоғамды қаншалықты толықтыра алды?
Қазақстанның медиа саласы соңғы жылдары құрылымдық және мазмұндық тұрғыда айтарлықтай дамып келеді. Дәстүрлі телевидение мен радиоға қатар цифрлық платформалар аудиториямен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беріп, ақпарат тарату жолдарын жаңартып халықтың жүрегіне жеткізуде. Медиада,әлеуметтік мәселелерді көтеретін жобалар мен деректі фильмдер көрерменнің ішкі сезімін оятып,терең ойларға шомылдырып,қоғам пікірін қалыптастыратын алаңға айналады.
Осы тұрғыда қазақ киносының рухани тереңдігі мен кәсіби деңгейі ең алдымен оны қалыптастырған тұлғалармен өлшенеді. Қазақстан кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, бірнеше буынға ұстаз болған Асанәлі Әшімовтің орны айрықша. Өкінішке орай, осы аптада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр мен кино өнерінің алып тұлғасы Асанәлі Әшімов өмірден өтті. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Асанәлі Әшімов — тек көрнекті актер ғана емес, қазақ киносының кәсіби мектебін қалыптастырған рухани тұлға. Оның сомдаған тарихи образдары ұлттық экран өнерінің биік деңгейге көтерілуіне жол ашты.Халықтың көз айымы болып қалатын атақты алып тұлғамыз – Қазақтың Бекежаны.
Осы тұста отандық деректі кино мен журналистиканың дамуына үлес қосып жүрген Әлия Әшімнің еңбегін де атап өткен жөн. Тарихи журналист ретінде ол архивтік деректерге сүйене отырып, сұхбат пен зерттеу арқылы халыққа көз ашып,тарихи сананы жаңғыртатын фильмдер мен жобалар ұсынуда.
Қазақ руханияты мен қоғамдық ойдың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан Мұхтар Шахановты да атап өткен жөн. Ақын, қоғам қайраткері ретінде ол ұлттық сана, тіл мен рухани егемендік мәселесін көтеріп, жаңа буынға бағыт беретін тұлға. Мұхтар Шахановтың шығармалары мен қоғамдық қызметі қазақ халқының тілге, рухани байлыққа,мәдениетке,тарихи әділетке деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар атамыздың жазған туындылары қазақ эстрадасының мәңгілік ұрпаққа жетер таспалары ешақашан ұмытылмас дүние.
Осы үш ұлы тұлғаның еңбектері қазақ медиа мен киноның дамуына ықпал етуде емес, рухани байлыққа тән мәдениет қалыптастырған қызмет еткенін дәлелдейді. Олар көрсеткен жол — жас режиссерлер, журналистер мен актерлер үшін үлгі әрі келер ұрпаққа рухани күш беретін алып тұлғалар.
Қазақстанның медиа саласы мен кино индустриясы сандық және рухани бағытта дамып, қоғамға үлкен үлесін қоса білді. Медиа кеңістіктің кеңеюі ақпараттық мүмкіндіктерді арттырса, отандық кино ұлттық болмысты айқындаудың негізгі мәдени символына айналды.
Алайда әр сала сыртқы бай көрсеткіштермен емес, ішкі парасаттық пен жобаның рухани тереңдігі арқылы өлшенеді. Бұл ұстанымды сақтаған дүние ғана халықтың ізгі ниетінен шығып, Қазақстандық медиа өзінің жоғарғы адал мәртебиесіне қол соза алады.
Аружан Ереже






