ҰБТ-ға дайындық: стрессті жеңудің жолдары

0
7
фото: google

11 сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық – маңызды кезең, бірақ ұзақ уақыт үзіліссіз дайындалу оқушылардың тез шаршап кетуіне, алдағы оқуға ынтасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан дайындық процесін дұрыс ұйымдастыру және психологиялық қолдау өте маңызды.

Ата-аналар мен достардың қолдауы

Жетістікке жетудің ең берекелі жолдарының бірі – жылы сөз бен түсіністік. Ата-аналар балаларына сенім білдіріп, қатты қысым жасамауы тиіс. Жылы қолдау оқушыға сенімділік сыйлап, қобалжуды азайтады.

Дайындық кезінде үзілістер мен демалыс

Үзіліссіз дайындық ми мен көңілдің шаршауына әкеледі. Сондықтан оқу барысында қысқа демалыстар жасап, жеткілікті ұйықтау және жеңіл серуендеу өте маңызды. Бұл психологиялық тұрақтылықты сақтап, оқуға деген ынтаны жоғалтпауға көмектеседі.

ҰБТ – өмірдің бір кезеңі ғана

ҰБТ – тек өмірдің бір кезеңі. Ол болашақты толық анықтамайды, бірақ еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және өз қабілетіңді дұрыс бағалауға үйретеді. Сондықтан дайындық кезінде стресс емес, жылы сезімдер мен позитивті естеліктер қалдыруға тырысу керек.

Аружан Ануарбекова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз