Түркістанда пәтерден екі бала өлі табылды, анасы іздестірілуде

0
47
Фото: Pixabay

Түркістанда жалдамалы пәтерден екі жас баланың денесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеді, деп хабарлайды kazaknews.kz.

“7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекенжайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда алынды”, – деді М. Қабденов.

Ол тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрап, жалған ақпарат таратқанға жауапкершілік қарастырылғанын ескерттіжәне азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенуге шақырды.

Egovpress-тің хабарлауынша, күдікке ілінген әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы No46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істеген. Бейресми деректерге қарағанда, оның психикалық ауытқуы болған және үй төбесінен секіріп өз-өзіне қол жұмсаған. Қайтыс болған бала 2019 жылы, қыз бала 2020 жылы туылған екен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз