Кофе – бүгінгі таңда адамдар үшін жай ғана сусын емес, ол таңғы ритуал, достармен әңгіме бастау себебі, кейде тіпті шабыт көзі.
Кофенің адам ағзасына әсерін қарастырсақ, оның құрамында болатын кофеин мен теанин адамның көңіл-күйін жақсартып, сергектік береді, сондай-ақ зейінді арттыруға ықпал етеді. Бұдан бөлек, теанин бақыт сезімін күшейтіп, дофамин гормонының бөлінуіне әсер етеді.
Сонымен қатар, кофе жүрек соғысын жиілетіп, ағзаға қосымша энергия береді. Осыған байланысты ол қан қысымы төмен немесе жүрек соғысы баяу адамдар үшін пайдалы болуы мүмкін.
Ал кофенің зияның айта кететін болсақ, ол ұйқыны бұзады. Кофені шамадан тыс ішу адамның ұйқы сапасына кері әсер етеді. Оның сергітетін әсері біраз уақыттан кейін басталып, бірнеше сағатқа дейін сақталатындықтан, кешкі уақытта ішілген кофе ұйқысыздыққа әкелуі мүмкін. Кофе жүрек қағысын жылдамдатып, кейбір адамдарда жайсыздық тудыруы мүмкін, әсіресе оны көп мөлшерде тұтынғанда.
Сонымен қатар, кофеин қан қысымын уақытша көтеруі мүмкін, сондықтан бұл әсіресе қысымы жоғары адамдар үшін қолайсыз болуы ықтимал. Оған қоса, кофені жиі ішкен сайын ағза оған үйреніп, онсыз сергек болу қиындай түседі. Нәтижесінде адам өзін қалыпты сезіну үшін үнемі кофе ішуге мәжбүр болады.
Бұл туралы гастроэнтеролог дәрігер Нурия Дианова айтып берді.
Маман кофені күнделікті қолданған жағдайда тәуелділіктің пайда болуы мүмкін екенін айтты. Бұл уақыт өте келе жүйке жүйесінің нашарлауына алып келеді. Дәрігер кофені тек қана тамақпен бірге ішуге болатынын айтты.
Ғалымдардың айтқан мөлшері ол, шамамен, 400 миллиграмм. Ал дәрігерлер адамның салмағына қарай күніне 50-180 миллиграмм кофе ішуге кеңес беріп отыр.
Жанайым Сейдалхан, 11-сынып оқушысы



























































