2026 Winter Olympics: Қазақстан спортшыларының жетістігі

0
59
фото: google

2026 Winter Olympics Италияның Milan мен Cortina d’Ampezzo қалаларында өтті. 2026 жылдың 6–22 ақпан аралығында өткен бұл дода әлемнің түкпір-түкпірінен келген 3000-ға жуық үздік спортшының басын қосты. Әлемдік спорт бәсекесінде Қазақстанның намысын 36 спортшы қорғап, халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.

Жарыстың алғашқы күндеріндегі маңызды жаңалықтардың бірі конькимен жүгіру спортынан басталды. Надежда Морозова 3000 метрлік қашықтықта әлемнің үздік 20 спортшысының ішінде 6-орынды иеленді. Бұл нәтиже Қазақстанның конькимен жүгіру спортындағы соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Ол Норвегия мен Нидерланды спортшыларымен тең дәрежеде бәсекелесіп, жүлделі орындарға жақын қалды. Сонымен қатар, Елизавета Голубаева 10-орынға тұрақтап, командалық есепте ел беделін арттырды.

Қазақстан құрамасының басты үміт артқан спорт түрлерінің бірі – шорт-трек болды. Құрама көшбасшылары Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтті. Денис Никиша 500 метрлік қашықтықта финалға дейін жетіп, қорытынды есепте 7-орынды иеленді.

Жас спортшы Илья Мизерных бұл Олимпиаданың ең үлкен жаңалықтарының бірі болды. Орташа трамплиннен секіру сайысында ол әлемдік деңгейдегі спортшылармен тең дәрежеде өнер көрсетіп, жалпы есепте 8-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже тәуелсіз Қазақстан тарихындағы трамплиннен секіру бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі ретінде тіркелді.

София Самоделкина Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып, әйелдер арасындағы жекелей сында өнер көрсетті. Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша спортшы 10-орынға ие болды. Қатысушылар арасындағы жоғары бәсекелестікті ескерсек, бұл Қазақстан үшін жақсы нәтиже саналады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров осы Олимпиаданың басты жұлдызына айналды. Ерлер арасындағы жекелей сында ол алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан үшін 1994 жылдан бергі қысқы Олимпиадалардағы екінші, ал мәнерлеп сырғанаудан алғашқы алтын жүлдені иеленді. Қысқа бағдарлама қорытындысында Михаил 5-орында болды. Алайда еркін бағдарламада 5 төрттік секіруді мінсіз орындап, техникалық көрсеткіш бойынша 291.58 ұпаймен Олимпиада чемпионы атанды.

Қорытындылай келе, Италия төріндегі жетістіктер тек медальмен ғана өлшенбейді. Бұл жеңіс – Қазақстан спортшыларының жігері мен рухының, халықаралық аренадағы абыройының дәлелі. Қазақстан құрамасы Милан Олимпиадасын жоғары рухпен аяқтап, қысқы спорт тарихында жаңа парақ ашты.

Айзере Құрманова, 9-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз