Илон Маск Нобель сыйлығына ұсынылды

0
25
(Фото: Gonzalo Fuentes / File Photo / Reuters

Америкалық бизнесмен және X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск Нобель сыйлығына ұсынылды. Оның кандидатурасын норвегиялық депутат Мариус Нильсен ұсынды.

Депутаттың айтуынша, ол Маскты өз көзқарасыңды білдіруге мүмкіндік беретіні, сондай-ақ үнемі поляризацияланып отыратын әлемде сөз бостандығын қорғағаны үшін ұсынған.

“Маск негізін қалаған немесе басқаратын көптеген технологиялық компаниялар қоғамды жақсартуға, Жер мен ғарыш туралы көп білуге және бүкіл әлем бойынша байланыс орнатуға бағытталған. Олар әлемді байланысқан және қауіпсіз жерге айналдырды”, – дейді депутат Мариус Нильсен. 

Daily Mail хабарлауынша, 2024 жылғы үміткерлердің қысқа тізімін Норвегияның Нобель комитеті наурыз айында ұсынады. Комитет ел парламенті тағайындаған бес адамнан тұрады.

Басылымның мәліметінше, Илон Масктан басқа Нобель сыйлығына үміткерлер қатарында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг, БҰҰ басшысы Антонио Гутерриш, Рим Папасы Франциск, Колумбия президенті Густаво Петро, ​​АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп, британдық эколог Дэвид Аттенборо, аустралиялық белсенді Джулиан Ассанж және Палестиналық журналист Хинд Худари бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз