Тоқаев жұмыс сапарымен Ресейге барады

0
29
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақтан түсіп жатқан сәт. Photo: Akorda.kz

21 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазан қаласына жұмыс сапарымен барады. 

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Ресейде «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады.

Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

«Болашақтың ойындары» турнирі 21 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қазан қаласында өтетін халықаралық деңгейдегі жаңа технологиялық турнир. Байқауға 2000-ға жуық қатысушы тіркелген. Стримингтік платформаларда 150 миллионнан астам көрермен тамашалайды деген жоспар бар.

«Болашақтың ойындары» – спорт, ғылым мен технологияның тоғыстырған ауқымды спорттық іс-шара, классикалық және цифрлық спорт синергетикасы. Халықаралық жарыстар 21 инновациялық пән бойынша (16 негізгі және 5 кеңейтілген бағдарлама бойынша) өтеді. Олардың әрқайсысы «фиджитал» (физикалық+сандық) ұғымын бейнелейді. Яғни, дене шынықтыру мен киберспортты немесе VR/AR технологиясын біріктіреді. Спортшылардың шеберлігі бұрын бір-бірімен байланыспаған екі өлшемде сыналады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз