Мобильді аударым 255 мың теңгеден асса, тексеріске негіз бола алады

0
40
Karl Tapales/Getty Images

Елімізде мобильді аударымдарға салық салу шарттары қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.

Бір жеке тұлғаның төл банк шотына ай сайын 100 және одан көп әртүрлі тұлғалардан 3 ай бойы жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 255 мың теңгеден) асатын қаржы түссе, тексеріске ілігеді.

Осы орайда министр кәсіпкерлік кодекстің негізгі шартын айтып өтті. Оған сәйкес, бір жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын (шамамен 1 миллион теңге) адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылы бөлшек саудада қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға жетті. Былтыр сәуір-қазан айларында QR төлемдердің көлемі 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл – барлық операцияның 17%-ы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз