Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігіне бір ай уақыт берді

0
19
Фото: ҚР Премьер-Министр сайты

Қазақстан үкіметінің отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігіне биыл 6% деңгейіндегі экономикалық өсімді қамтамасыз ететін жоспар құруға бір ай уақыт берді.

“Ұлттық экономика министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде биыл 6% деңгейінде экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарын әзірлеп, бекітуді тапсырамын. Жоспарда қаржылай қамтамасыз етілген нақты әрі тиімді шаралар көрініс табуы тиіс. Үкімет нәтижелі жұмыс істеп, экномиканың барлық салаларын тиімді үйлестіруі керек”, – деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың баяндауынша, қаңтарда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,9%-ды құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз