«ЛРТ іске қосылған соң қала өмірі қалай өзгерді ?»

0
8
фото: google

«Үлкен қаланың өмірін өзгерткен рельс үстіндегі пойыз»

Қала – тек ғимараттар мен көшелер жиынтығы емес, ол – уақытпен бірге тыныстап, адамдардың өмір салтымен бірге өзгеріп отыратын алып мекен. Соңғы жылдары Астананың даму қарқыны жаңа деңгейге көтеріліп, елорда келбетін айқындаған ең көп талқыланған жоба ақыры іске қосылды. Бірнеше жылдар бойы «қашан жүреді?» деген сұрақтың символы болған бағаналар орнына енді нағыз пойыз зулап жүр.

Бұл жолдың хикаясы оңай болған жоқ. Астаналықтар жылдар бойы тек бетон бағаналарды көріп үйренді. Қаланың ортасын қақ жарып өткен «үнсіз бағаналар» әзілге, мемге, тіпті күдікке айналды. Біреулер жобаның аяқталатынына сенді, біреулер сенуден қалды.


Алайда 2026 – шы жылдың 16-17 мамыры елорда үшін жаңа дәуірдің есігін ашты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен жеңіл рельсті жол іске қосылды. Сол күні «үнсіз бағаналар» тіл қатып, рельс үстімен алғашқы құрам жүріп өтті. Бұл тек жаңа көлік түрі емес. Бұл – елорданың жылдар бойы күткен арманы, ескінің орнын толтырып қаланы жандандырған жаңа дәуірдің символы. Ол қаланың күнделікті ырғағын, адамдардың уақытын, әдетін өзгерткен үлкен қадам болды.

Уақыт – ең қымбат ресурсқа айналды.

Бұрын Нұрлы Жол вокзалынан Әуежайға дейін кептелісте кемінде 1-2 сағат уақыт кетсе, қазір ЛРТ арқылы 40 минут уақыттың өзі жеткілікті. (Ақпарат City Transportation Systems сайтынан алынды). Орташа жол жүру уақыты 38 % кеміді. Күніне 65 мыңнан астам жолаушы осы бағытты таңдайды. Кептеліс азайып, адамдар жұмысына, оқуына кешікпей жететін болды. Уақыт үнемделуімен қатар қаланың шеткі аудандары жандана түсті. ЛРТ Қабанбай батыр, Мәңгілік ел, Тұран даңғылдарын жалғап өтеді. Бұл халық үшін өте тиімді шешімдердің бірі болды. ЛРТ тек жол жүру саласына ғана емес, қаланың жаңашылдықта жандануына мүмкіндік берді. Сонымен қатар стансаға жақын орналасқан пәтерлердің бағасы бірнеше пайызға күрт өсті. Бұрын шалғай саналған аумақтар енді қаланың белсенді нүктесіне айналды.

Қазіргі жүйе күн сайын жетіліп келеді. «Avtobys» қосымшасы арқылы ЛРТ мен автобуста бір билетпен жүру мүмкіндігі пайда болды. Студенттерге 50 % жеңілдік беріледі, зейнеткерлер тегін қатынай алады. Бағасы да автобуспен тең қолжетімді баға. Оның іші де сырты да заманауи техникалармен жабдықталған. Лифт пен тактильді жолақтарда толық жұмыс істеп тұр.
Ермек Сыдықов «Бәйтерек» бекетінің басшысы:
Стансалар толығымен автоматтандырылған. Пойыздың жиілігі 5-6 минут шамасында. Бір құрамда 4 вагон. Бағыт бойында 18 станция бар. Олар қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтеді. Ал жол-ақы 200 теңге деп белгіленгенін айтты.

   Қауіпсіздік және қолжетімділік  

Барлық станса мен вагон тәулік бойы бейнебақылау жүйесімен, сапалы жарықтандырумен және төтенше жағдай түймелерімен жабдықталған. Платформаларда тактильді жолдар, лифтілер мен эскалаторлар қарастырылған. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтар, егде жастағы тұрғындар мен балалы аналар үшін кедергісіз орта қалыптастырды. Жүйенің түнгі 00:30-ға дейін жұмыс істеуі кешкі мәдени және әлеуметтік өмірдің белсенділігін арттырып, қала тұрғындарына уақытпен шектелмей еркін жүріп-тұруға мүмкіндік берді.

   Әлеуметтік әсер: Қаланың ырғағы

Тұрғындардың кеңістік туралы түсінігі түбегейлі өзгерді. Бұрын шалғай саналған нысандар – Ботаникалық бақ, ЭКСПО аумағы, Ұлттық мұражай, «Мега Silk Way» – енді бір күн ішінде аралап шығатын бағытқа айналды. «Жол ұзақ» деген түсінік «бір пойыздық жер» деген өлшеммен алмасты. Бұл азаматтардың мәдени, білім беру нысандарына қолжетімділігін арттырып, қала өмірінің қарқынын жеделдетті.

    ЛРТ – инфрақұрылымдық жоба ғана емес. Бұл – қаланың уақытты, кеңістікті және ресурсты басқару философиясын өзгерткен стратегиялық шешім. Жүйе Астананы «кептеліс қаласы» сипатынан арылтып, болжамды, жылдам және өзара байланысқан мегаполис моделіне көшірді.

Бүгінде елорданың жүрегі бір ғана орталықта емес. Бірнеше киломметр шақырымға созылған желінің бойындағы 18 стансаның әрқайсысында елорданың жүрегі соғып тұр. Әр станса – шағын орталық, әр вагон- уақытты үнемдеудің мүмкіндігі. Қала енді күтпейді. Қала бір орталыққа байланған құрылымнан бас тартып, әр станса өз алдына шағын орталыққа айналып келеді. ЛРТ Астананы кеңістікте де, уақытта да жақындатты. Ол кептелісті азайтып, аудандарды дамытып, ауаны тазартып, тұрғындардың өмір сапасын арттырды.
Әрине, бұл соңы емес. Ендігі міндет – желіні басқа аудандарға ұзарту. Ол оңа емес, бірнеше жылдар керк. Бірақ ең қиыны артта қалды: біз осы күнге дейін күтуді үйрендік, енді сақтауды да үйренуіміз керек. Рельс үстіндегі бұл бақыт – ортақ. Ереже сақтап, ұқыпты қолдансақ, ертеңгі Астана бүгінгіден де жарқын болмақ.

                                                                              Іңкәр Рахманқұл
                                                                          «11» сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз