Италия төріндегі қысқы ертегі 2026

0
25
фото: google

Олимпиаданың қайта оралуы:

2026 жылғы Қысқы олимпиада ойындары Италияның екі бірдей қаласында- Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтуде. Ойындар 6-22 ақпан аралығында өтуде.

Олимпиада- әр спортшының өмір бойы дайындалатын ең маңызды шыңы.

Ойындардың ерекшеліктері мен символдары:

  • Ұраны: “Dreaming Together” (Бірге армандау) немесе “It’s Your Vibe”.
  • Бойтұмарлар (Маскоттар): Тина (Tina) және Мило (Milo) есімді екі ақкіс (ерік). Тина — Олимпиаданың, ал оның ағасы Мило — Паралимпиаданың символы.
  • Жаңа спорт түрі: Бұл Олимпиадада тұңғыш рет шаңғы альпинизмі (ski mountaineering) ресми бағдарламаға енді.
фото: google

Қазақстан құрамасының үміті:

Қазақстан үшін бұл Олимпиада — жас таланттардың бағын сынайтын кезең. Әсіресе:

• Шорт-трек және конькимен жүгіру: Біздің спортшылар соңғы жылдары әлемдік деңгейде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

• Фристайл-могул: Қазақстанның дәстүрлі мықты мектебі бар сала.

• Биатлон мен шаңғы жарысы: Жаңа есімдер мен тәжірибелі спортшылардың бәсекесі.

Біздің құраманың жетістіктері:

Бүкіл Қазақстанды шулатқан жерлесіміз Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан алтын алғаны. Бұл “шок нәтиже”. 32 жылдан кейінгі алғашқы алтын!

фото: google

«Чемпиондар жаттығу залдарында жасалмайды. Чемпион оның ішіндегі тереңде жатқан нәрседен — арманнан, қалаудан және мақсаттан жаратылады.»   Мұхаммед Али

Миландағы Олимпиада тек спорттық бәсеке емес, бұл — Еуропаның мәдениетін, Италияның қонақжайлылығын және заманауи технологияларды біріктірген үлкен мереке. Отандық спортшыларымыздан жаңа жеңістер мен жарқын сәттер күтеміз!

Айдидар Нүркен, 11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз